Ата-аналармен жұмыс » СШ №51
«Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №51"
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Версия для
слабовидящих
» » Ата-аналармен жұмыс
29
май
2024

Ата-аналармен жұмыс




24 май күні 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп директоры Жанна Бүркітбайқызы Онгарбаева мектептің қамқоршылық кеңесі мүшелері мен ата-аналар комитеттерінің төрайымдарының және ұжым мүшелерінің  алдында өткен оқу жылында мектеп ұжымының атқарған жұмыстары туралы есебін берді. Мектебімізде қазіргі таңда 1307 оқушы білім алуда, соның ішінде үйде
оқытумен 12 оқушы қамтылған, жеке қаралыммен 1 оқушы білім алуда. 59 сынып комплектісі бар. Қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптар арасында тегін ыстық тамақпен 478 оқушы, 5-11 сыныптар арасында 261 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Білім алушылар мен қызметкерлерге қауіпсіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті жағдай жасалынған: мектеп сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен, дабыл түймесімен, турникетпен, мамандандырылған күзетпен, ал ерекше білімді қажет ететін балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы пандус орнатылған, тактільді тақтайшалар төселген және шақыру түймесімен қамтамасыз етілген. Мектеп кітапханасы қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен,
электронды оқулықтармен және көркем әдебиетпен толық қамтамасыз етілген. Мектеп жанында 100 орынға арналған «Балбөбек» шағын орталығы 2-4 жас аралығында 4 топта 85 бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда мектебімізде 142 мұғалім еңбек етуде. Соның ішінде, 40
педагог-зерттеуші, 33 сарапшы, 36 модератор, 18 магистр жұмыс атқарады. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 2-11 сыныптар бойынша 206 оқушы-үздік, 572 оқушы-екпінді болып аяқтады. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 66% құрады. 9 сыныптар бойынша 139 оқушы аяқтап, үздік аттестатқа 11 оқушы үміткер, 11 сыныптар бойынша 55 оқушы аяқтап, 2 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. 
Мектебімізде жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, арнайы курстардан өткен шығармашыл ұстаздар еңбек етуде. Ағымдағы жылы 14 педагог педагог-модератор санатын, 1 педагог педагог-сарапшы санатын, 4 педагог педагог- зерттеуші санатын алды. 
Педагогтердің әлеуетін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік бірлестіктердің айлықтары жоспарлы өткізілді. Семинарлар, дөңгелек үстелдер, интеллектуалды ойындар, ЖОО-ның оқытушы ғалымдарымен практикалық семинарлар, шеберлік сыныптар, мектепішілік “ЗЕРДЕ” ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Педагогтер информатика пәнінен халықаралық CISCO академиясының курсынан өтіп арнайы сертификаттармен марапатталды. Биология пәні мұғалімі Нургуль Мирзабекова облыс әкімінің бастамасымен алғаш рет өткізілген “Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы” атты облыстық педагогтер конкурсына қатысып, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің арнайы сертификатымен марапатталды. Қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сандуғаш Мамбетиярова ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген ЕНТ - ның тест сұрақтарын құру бойынша халықаралық курсын аяқтап, Ұлыбритания және Франция мемлекеттерінің білім саласының тарапынан арнайы халықаралық сертификатына ие болды. 
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша биология, химия, география әдістемелік бірлестігі “Лучший әдістемелік бірлестік - 2024“ номинациясына ие болды. Мектепте ритмика, шахмат үйірмелері жұмыс істейді. Білім алушылар мен ата-аналар үшін психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік – педагогикалық қолдау көрсетіліп отырады. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын жүргізуде. Даналық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру және насихаттау мақсатында аталар клубы мен әжелер клубы, ағалар клубы мен жеңгелер клубы жұмыс істеуде.
Ата-аналармен және білім алушылармен түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер өткізу мақсатында арнайы тәрбие орталығы ашылды. Мектебімізде қамқоршылық кеңес пен «Ұлағат» әкелер кеңесі де өз жұмыстарын жоспарлы жүргізуде. Тәрбие бағытында мектепте келесі жобалар: «Оқуға құштар мектеп», «Отбасы – орта мектебі», «Жасыл мектеп», «Жомарт түлек», дебат клубы, өзін- өзі басқару ұйымының жұмыстары іске асырылып отыр. Мектепте 1 сыныптарда “Ритмика” үйірмесі, 2 сыныптарда “Шахмат” үйірмесі, 4 сыныптарда “Домбыра” үйірмесі жүргізілді. 4,5,6,7,8,10 сыныптарда “Футбол”, “Волейбол”, “Баскетбол”, “Тоғызқұмалақ” үйірмелері аптасына 3 сағаттан жүргізілді. Мектебіміздің хареографиялық үйірмесінің “САЛТАНАТ” бишілер тобы республикалық “ЖҰЛДЫЗ ART” конкурсында І орынды иеленіп,  Ташкент қаласына халықаралық байқауға жолдама алды. Жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдерімен, баланың заңды өкілдерімен, қамқоршылық, қорғаншылық кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді. Мектеп ұжымы әлеуметтік серіктестік орнату мақсатында Тараз қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы No 45 классикалық гимназиясымен, No 43 орта мектебімен, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтымен, институт жанындағы ІТ академиясымен, Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің «Информациятық технологиялар», «Математика және механика» кафедраларымен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің «Математика» кафедрасымен, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасымен, «Айсұлу» N2 бөбекжай балабақшасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары көптеген қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға, олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп отыр. Соның ішінде ерекше атап өтетін
болсақ, биылғы 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде математика, информатика, география, физика, орыс әдебиеті пәндерінен - 5 орын; облыстық кезеңінен
математика, информатика пәндерінен - 2 жүлделі орындарды (2 күміс медаль) иелендік. Олар: математика пәнінен 10 сынып оқушысы Хаби Құралай ІІ-орын, информатика пәнінен 9 сынып оқушысы Орынтай Аружан ІІ-орынды иеленіп,
информатика пәнінен Республикалық кезеңге жолдама алды.
✓ Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың қалалық кезеңінде 10 жүлделі орындарды иеленіп, 9 сынып оқушысы Әмерхан Даулет информатика пәнінен 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңге өтіп отыр.
✓ 2023-2024 оқу жылында 5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің (қалалық) қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орындарды иеленген жеңімпаз оқушылар арнайы дипломдарымен марапатталды!  5-6 сыныптар бойынша оқушыларымыз  қазақ тілі мен әдебиетінен, Қазақстан тарихынан, ағылшын тілі пәндері бойынша жүлделі орындарды иеленді. 7-8 сыныптар бойынша Қазақстан тарихынан, қазақ тілінен, орыс тілінен, физика, биология, география пәндерінен жүлделі орындарды иеленді. Қалалық “Pro Eko” экологиялық жобалар байқауында мектеп командасы жүлделі ІІІ орынды, “Eco-volonter” байқауында “Табиғат сақшылары” тобы III орынды иеленді. 
✓ «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» қалалық мәнерлеп оқу байқауында 7 сынып оқушысы Бурумтай Асылы БАС ЖҮЛДЕ иеленді.
✓ «Төлеген Айбергенов оқулары» қалалық байқауында 10 сынып оқушысы Хаби Құралай БАС ЖҮЛДЕ, облыстық кезеңіне – ІІ орын алды.
✓Қалалық «Мағжан оқулары» байқауында 9 сынып оқушысы Данагул Серикали БАС ЖҮЛДЕ иеленіп, облыстық байқауында  жүлделі ІІ орынды иеленді.
✓М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «ДУЛАТИ АРУЫ-2024» облыстық байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Абилхан Ғайни БАС ЖҮЛДЕ иеленіп, 2024-2025 оқу жылына 100% жеңілдікпен оқу гранты иегері атанды.
✓Қалалық «Абай оқулары» байқауында Жанат Данара жүлделі І орынды иеленді 
✓ «JuniorSkills Jambyl-2023»облыстық чемпионатында «химия-биология»
медициналық құзыреті бойынша – 10 сынып оқушысы Амантай Сая ІІІ орынды
иеленді.
✓ ІІ аймақтық робототехникадан «ІТІІ HACKATНON-2023» инновациялық байқауында мектеп командасы - ІІІ орын иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
✓ Алматы қаласы, республикалық «Мағжан оқулары» байқауында 1 сынып оқушысы Альфинур Хасан қатысып, І орын иеленді.
✓ «Дарын» республикалық білім беру орталығы ұйымдастырған «Ақ бота»
интеллектуалдық-логикалық олимпиадасында 5-10 сыныптар арасында мектеп оқушылары 124 жүлделі орындар иеленді.
✓ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру» ойын-конкурсы - 46 жүлделі орындар.
✓ «JuniorSkills-2023» республикалық чемпионатында ІТ мен робототехника салалары бойынша мектеп командасы ІІ орын иеленді және 30.000 қаржылай сертификатпен марапатталды.
✓"Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" КеАҚ ұйымдастыруымен өткізілген республикалық "БУКТРЕЙЛЕР" бейнероликтер байқауында мектебіміздің 4-A сынып оқушысы Аиша Бақытжанқызы жүлделі  І-ОРЫНДЫ иеленді
✓ Алматы қаласы. Халықаралық «Science Talks – Жас ғалымдардың диалогы» ІІІ Халықаралық форумында «Қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру» жобасымен 10- сынып оқушысы Сәулебай Мади және биология пәнінің мұғалімі Нургуль Бейсеналиевна Мирзабекова қатысып, халықаралық сертификатымен марапатталды.
✓ҚР іШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ұйымдастыруымен "Менің полициям" атты республикалық балалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа "Лучший эссе", "Лучший тик-ток", "Лучший бейнеролик" номинациялары бойынша облыс мектептерінің оқушылары қатысты. ҚР Ішкі істер министрлігі мен Полиция департаментінің арнайы комиссиясының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды. "Лучший эссе" номинациясында 6 сынып оқушысы Сатылған Арсен, "Лучший тик-ток" номинациясында Тореқұл Ильяс, "Лучший бейнеролик" /vine/ номинациясында 8 сынып оқушыларымыз үздік болып шықты. Оқушылар жетекші ұстаздарымен Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арманбек Баймурзиннің  қабылдауында болып, марапатталды. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында сыйлақтар табысталды ! Құттықтаймыз ! Ұстаздарымызға -  Мадина Керимкуловаға, Арайлым Медетбаеваға, Аяулым Нұрсултановаға алғыс білдіреміз !!
✓ Астана қаласы. Жастар мен жасөспірімдер (қыздар) арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында 10 сынып оқушысы Қадырхан Айғаным І-орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие болды.
✓ Бразилияның РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО қаласында өткізілген оқушылар мен студенттер арасындағы Дүниежүзілік жазғы гимназиада ойындарында 9 сынып оқушысы, Қазақстан құрама командасының капитаны Жолдыбай Арсен Сабитұлы бокстан І-орынды иеленіп, Алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив