27
декабрь
2023
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы

Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы.
Білім алушылар және қызметкерлерге қауіпсіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті жағдай жасалынған: сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен, дабыл түймесімен, турникетпен, мамандандырылған күзетпен, ал ерекше білімді қажет ететін балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы пандуспен, тактільді тақтайшалармен, шақыру түймесімен қамтамасыз етілген.
2023-2024 оқу жылында 1339 оқушы білім алуда, соның ішінде үйде оқытумен 12 оқушы қамтылған, жеке қаралыммен 1 оқушы білім алуда. 59 сынып комплектісі бар. Қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптар арасында тегін ыстық тамақпен 476 оқушы, 5-11 сыныптар арасында 239 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Мектеп кітапханасы қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен, электронды оқулықтармен және көркем әдебиетпен, 1-11 сыныптар арасында оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілген.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепті 51 түлек бітіріп, 21 оқушы мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Мектеп жанындағы «Балбөбек» шағын орталығы 100 орынға арналған. 2-4 жас аралығында 85 бала жас ерекшеліктеріне сәйкес 4 топта тәрбиеленуде.
Школьникам алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық кабинет пен стоматологиялық кабинет жұмыс жасайды.
Мектеп оқушылары мен ата-аналар үшін психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік - педагогикалық, әлеуметтік – тұрмыстық қолдау көрсетіліп отыр. Родителям педагогикалық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын жүргізуде. Оқушылармен, ата-аналармен түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер өткізу мақсатында арнайы тәрбие орталығы ашылды. Попечительский совет пен әкелер кеңесі өз жұмыстарын жоспарлы жүргізуде.
Тәрбие бағытында мектепте келесі жобалар: «Оқуға құштар мектеп», «Отбасы – орта мектебі», «Жасыл мектеп», «Жомарт түлек», дебат клубы, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстары іске асырылып отыр.
Жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу , буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдерімен, баланың заңды өкілдерімен, қамқоршылық, қорғаншылық кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.
Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2023 жылы 57 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
✓ Ағымдағы жылы 14 педагог педагог-модератор санатын, 1 педагог педагог-сарапшы санатын, 4 педагог педагог- зерттеуші санатын алды.
✓ 2023 жылы мектебіміздің 75 педагогы өздерінің мақалалалары мен сыныптан тыс іс-шараларын Халықаралық, республикалық, облыстық баспа беттеріне жариялады.
✓ 2023-2024 оқу жылы: жалпы білім беретін пәндерден ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде математика, информатика, география, физика, орыс әдебиеті пәндерінен - 5 орын, облыстық кезеңінен математика, информатика пәндерінен - 2 (екі) жүлделі орындарды иеленді. Облыстық кезеңінде математика пәнінен 10 сынып оқушысы Хаби Құралай ІІ-орын, информатика пәнінен 9 сынып оқушысы Орынтай Аружан ІІ-орынды иеленіп, информатика пәнінен Республикалық кезеңге жолдама алды.
✓ Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың қалалық кезеңінде 10 жүлделі орындарды иеленіп, 9 сынып оқушысы Әмерхан Даулет информатика пәнінен 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңге өтіп отыр.
✓ «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» қалалық мәнерлеп оқу байқауында 7 сынып оқушысы Бурумтай Асылы БАС ЖҮЛДЕ иеленді.
✓ «Төлеген Айбергенов оқулары» қалалық байқауында 10 сынып оқушысы Хаби Құралай БАС ЖҮЛДЕ, облыстық кезеңіне – ІІ орын алды.
✓ «In the world of English poerty» қалалық поэзия байқауынан 7 сынып оқушысы Бурумтай Асылы – І орын.
✓ «Ағылшын тілін білу-заман талабы» қалалық пәндік олимпиадасында 9 сынып оқушысы Өмірхан Гүлнур - ІІІ орын.
✓ «Bestвидео Туған өлке» атты қалалық байқауынан – ІІ орын иеленді
✓ «Жамбыл дарыны»аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» қалалық математикалық олимпиадасы : 3 сынып оқушысы Мұратқали Айару ІІІ-орын, 5 сынып оқушысы Қалдыбек Кәрім ІІ- орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
✓ «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Алтын түлек» олимпиадасында 11 сынып оқушысы Ғабитұлы Талғат ІІІ орынды иленді
✓ «Шерхан оқулары» қалалық байқауында 10 сынып оқушысы Минтай Маржан ІІ-орынды иеленді.
✓ «Қонаев оқулары» қалалық байқауы – ІІІ орын.
✓ «Эко-юрист» облыстық экологиялық байқауында 10 сынып оқушысы Амантай Сая ІІ-орынды иеленді.
✓ «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық «Дарынды математик» олимпиадасында 9 сынып оқушысы Өмірхан Гүлнур – ІІІ орынды иеленді.
✓ «JuniorSkills Jambyl-2023»облыстық чемпионатында «химия-биология» медициналық құзыреті бойынша – 10 сынып оқушысы Амантай Сая ІІІ орынды иеленді.
✓ «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінен– ІІІ орын.
✓ ІІ аймақтық робототехникадан «ІТІІ HACKATНON-2023» инновациялық байқауы. Мектеп командасы - ІІІ орын мен арнайы дипломмен марапатталды.
✓ Алматы қаласы, республикалық «Мағжан оқулары» байқауында 1 сынып оқушысы Альфинур Хасан қатысып, І орын иеленді.
✓ «Дарын» республикалық білім беру орталығы ұйымдастырған «Ақ бота» интеллектуалдық-логикалық олимпиадасында 5-10 сыныптар арасында мектеп оқушылары 124 жүлделі орындар иеленді.
✓ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру» ойын-конкурсы - 46 жүлделі орындар.
✓ «JuniorSkills-2023» республикалық чемпионатында ІТ мен робототехника салалары бойынша мектеп командасы ІІ орын иеленді және 30.000 қаржылай сертификатпен марапатталды.
✓ Астана қаласы. Жастар мен жасөспірімдер (қыздар) арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында 10 сынып оқушысы Қадырхан Айғаным І-орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атағына ие болды.
✓ Бразилияның РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО қаласында өткізілген оқушылар мен студенттер арасындағы Дүниежүзілік жазғы гимназиада ойындарында 9 сынып оқушысы, Қазақстан құрама командасының капитаны Жолдыбай Арсен Сабитұлы бокстан І-орынды иеленіп, Алтын медаль алып, әлем чемпионы атанды.
✓ «Лучший бейнесабақ» қалалық байқауында орыс тілі пәнінің мұғалімі Ж.Б.Малхарова - ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
✓ «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық байқауынан қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.А.Мамбетиярова ІІІ дәрежелі диплом.
✓ «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Исабекова Ардақ Диханбаевна мен Мамбетиярова Сандуғаш Арыстанбаевна қатысып, І-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
✓ Алматы қаласы. Халықаралық «Science Talks – Жас ғалымдардың диалогы» ІІІ Халықаралық форумында «Қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру» жобасымен 10- сынып оқушысы Сәулебай Мади және биология пәнінің мұғалімі Нургуль Бейсеналиевна Мирзабекова қатысып, халықаралық сертификатымен марапатталды.
✓ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті, студенттер мен оқушылардың ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Элементар математиканың ерекше мәселелері» ғылыми жобалар конкурсы – 9 сынып оқушылары Басар Балнұр – І орын, Серікқали Данагүл ІІІ-орынды, 10 сынып оқушысы Маржан Минтай ІІІ орынды иеленді.
Мектеп ұжымы әлеуметтік серіктестік орнату мақсатында Тараз қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы № 45 классикалық гимназиясымен, № 43 орта мектебімен, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтымен, институт жанындағы ІТ академиясымен, Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің «Информациятық технологиялар», «Математика және механика» кафедраларымен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Математика» кафедрасымен, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасымен, «Айсұлу» № 2 бөбекжай балабақшасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.
Мектептің жылу жүйесіне 13.000000 теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 дана жиынтығымен жоғары сыныптарға арналған мектеп жиһазы алынды.