Мектепішілік қамқоршылық кеңесі » СШ №51
«Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №51"
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Версия для
слабовидящих
» » Мектепішілік қамқоршылық кеңесі
30
октябрь
2021

Мектепішілік қамқоршылық кеңесі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№51 орта мектебі» КММ

080004, Тараз қаласы Қарасу иіні 1, 34-81-48, taraz_sh51@mail.ru


 Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының


ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы                                  № 1                  «30 »октябрь 2021 жыл



Қатысқандар: қамқоршылық кеңес мүшелері (барлығы -  15  адам)

Попечительский совет төрағасы: Азимбаева Айнур Диханкызы 

Хатшысы:  Орманова Ф.


КҮН ТӘРТІБІ


1.Попечительский советтің нормативтік құжаттарымен танысу

2.Попечительский совет құрамын жаңадан сайлау

3.Попечительский советтің жұмыс жоспарын құру,бекіту

4.2020-2021 оқу жылының негізгі қорытындылары туралы мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиеваның қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі


       Тыңдалды: 


      Жиналысты  қамқоршылық кеңес төрағасы  А. Азимбаева  ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселемен таныстырды.

      Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрағасы А. Азимбаева  қамқоршылық кеңестің нормативтік құжаттарымен таныстырып өтті.Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 июльдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Попечительский советінің (бұдан әрі - Попечительский совет) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайтындығын,Попечительский совет Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайтындығын,қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылатындығын,қамқоршылық кеңестің құрамы Попечительский советке мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітілетіндігін айтып өтті. 

Шешім: қамқоршылық кеңестің нормативтік құжаттарымен танысу қанағаттанарлық деп танылсын.     

         Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес құрамын жаңадан сайлау

туралы ұсыныс жасалды. Попечительский советтің төрағасы  А. Азимбаева, ал, қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне тоқталсақ,1-сыныптың ата-анасы Ж.Жетписбаева ,2-сыныптың ата-анасы  А.Баидаулетов, 4-сыныптың ата-анасы Р.Сейпишова, 5-сыныптың ата-анасы Р.Казахова, 6-сыныптың ата-анасы Г.Каримсакова,7-сыныптың ата-анасы С.Есенкараева, 8-сыныптың ата-анасы Г.Керимбекова, 9-сыныптың ата-анасы Г.Калапбергенова ,10-сыныптың ата-анасы Е.Ауесбекова,11-сыныптың ата-анасы Н.Еримбетова болып сайланды. 

Шешім: Попечительский совет құрамын жаңадан сайлау қанағаттанарлық деп танылсын.                 

            Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары құрылып,бекітілді.Жоспар төрт кезеңнен тұрады.Бірінші кезеңде  қамқоршылық кеңестің нормативтік құжаттарымен танысу,қамқоршылық кеңес құрамын жаңадан сайлау,қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын құру,бекіту,2020-2021 оқу жылының негізгі қорытындылары туралы мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиеваның қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі орындалатынын айтты.Екінші кезеңде  «Мектепке барар жол» республикалық акциясының барысы туралы ақпарат, оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыру жағдайы туралы,2021-2022 оқу жылына жеңілдетілген сипаттағы оқушылардың тегін тамақпен қамтылуын бақылау, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың тегін тамақпен қамтылуын бақылау және әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету, сабақтан тыс уақытта әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың мектептен тыс үйірмелерге қамтылуын ұйымдастыруға жәрдемдесу керектігін айтты.Үшінші кезеңде мектеп инспекторының қамқоршылар кеңесінің алдындағы есебін тыңдау,мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиеваның қамқоршылар кеңесінің алдындағы І жартыжылдық есебін тыңдау керектігін айтты.Төртінші кезеңде жазғы демалыс кезінде оқушылардың «Жаз – 2021» жазғы сауықтыру лагерінің жұмысымен танысу, мектеп инспекторының қамқоршылар кеңесінің алдындағы есебін тыңдау, 2021-2022 оқу жылы бойынша қамқоршылар кеңесінің есебі орындалатынын айтып өтті. 

Шешім: Попечительский советтің жұмыс жоспарын құрып,бекітіп ары қарай жүзеге асырылсын.         

 Төртінші мәселе бойынша келесі сөзді мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева алып, атқарылған жұмыстар бойынша  есеп берді,  қамқоршылық кеңесінің мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті.

     Мемлекеттік көрсетілген қызметтерді  насихаттау бойынша 2021-2022 жылға арналған №51 орта мектебінің іс-шаралар жоспары жасалынып, жұмыстар жүргізілді. №51 орта мектебінде мемлекеттік қызметтерді ұсынатын қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерімен мектеп ұжымы таныстырылды. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, веб-сайтқа салынды. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектеп бойынша 12 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқытылды. «Бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жыл ішінде 147 оқушы қабылданды. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мектебіміздің 521 білім алушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Балалардың құқығын және мүддесін қорғау секторымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ата-аналарға ақпараттық парақша, буклеттер таратылды және веб-сайтқа орналастырылды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2019-2020 оқу жылында 62 мұғалім аттестаттаудан өткізілді, 130 оқушы негізгі орта білім алғаны туралы, 39оқушы жалпы орта білім алғаны үшін аттестат берілді.

  «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты пандемияға байланысты тоқтатылды.

     2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 267 отбасы, оның ішінде 484 оқушы тіркелген. Пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту барысында ешқандай құрылғысы жоқ 27 отбасы, оның ішінде 92 оқушы анықталды. Мектеп бұл оқушыларды компьютерлермен,планшеттермен,роултрмен қамтамасыз етті. 1 отбасына спонсорлық көмекпен 1 компьютер сатып әперілді. 

       2020-2021 оқу жылында пандемияға байланысты қашықтықтан оқуға мектеп оқушылары 100% қамтылды. Мектеп ережесін бұзғандары үшін 5 оқушы мектепішілік есепке алынды, олар 9-сынып оқушылары Байшаев Әмір, Абдурахман Алихан, Манатұлы Батырхан, Кусакбаев Жандос, Нұрғали Бағдат. 

Попечительский советінің мүшелерінің жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің алға басуына мәселелерді шешуге атсалыса жұмыс жасайтындығын айтты.

Шешім:2020-2021 оқу жылының негізгі қорытындылары туралы мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиеваның қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі қанағаттанарлық деп танылсын.  



Төраға                      А. Азимбаева

Хатшы                     Ф.  Орманова 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив