Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№51 орта мектебі» КММ
080004, Тараз қаласы Қарасу алқабы, құрылыс 1, 34-81-48, taraz_sh51@mail.ru
Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы № 1 «10 » август 2020 жыл
Қатысқандар: қамқоршылық кеңес мүшелері (барлығы - 11 адам)
Попечительский совет төрағасы: Молдакулова А.
Хатшысы: Орманова Ф.
КҮН ТӘРТІБІ
1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі
Тыңдалды:
Жиналысты қамқоршылық кеңес төрағасы А.Молдакулова ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселемен таныстырды.
Келесі сөзді мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева алып, атқарылған жұмыстар бойынша ZOOM бағдарламасымен есеп берді, қамқоршылық кеңесінің мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтерді насихаттау бойынша 2019-2020 жылға арналған №51 орта мектебінің іс-шаралар жоспары жасалынып, жұмыстар жүргізілді. №51 орта мектебінде мемлекеттік қызметтерді ұсынатын қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің негізгі ережелерімен мектеп ұжымы таныстырылды. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, веб-сайтқа салынды. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектеп бойынша 13 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқытылды. «Бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша жыл ішінде 147 оқушы қабылданды. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша мектебіміздің 484 білім алушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Балалардың құқығын және мүддесін қорғау секторымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ата-аналарға ақпараттық парақша, буклеттер таратылды және веб-сайтқа орналастырылды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2019-2020 оқу жылында 41 мұғалім аттестаттаудан өткізілді, 130 оқушы негізгі орта білім алғаны туралы, 39оқушы жалпы орта білім алғаны үшін аттестат берілді.
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты пандемияға байланысты тоқтатылды.
2019-2020 оқу жылында мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 267 отбасы, оның ішінде 484 оқушы тіркелген. Пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту барысында ешқандай құрылғысы жоқ 27 отбасы, оның ішінде 92 оқушы анықталды. Мектеп бұл оқушыларды компьютермен қамтамасыз етті. 1 отбасына спонсорлық көмекпен 1 компьютер сатып әперілді.
2019-2020 оқу жылында пандемияға байланысты қашықтықтан оқуға мектеп оқушылары 100% қамтылды.2019-2020 оқу жылында полиция бөліміне 1 оқушы есепке алынды. Ол 11 «Б» сынып оқушысы Алтынбек Ерасыл. Мектеп ережесін бұзғандары үшін 5 оқушы мектепішілік есепке алынды, олар 8-сынып оқушылары Байшаев Әмір, Абдурахман Алихан, Манатұлы Батырхан, Кусакбаев Жандос, Нұрғали Бағдат.
Попечительский советінің мүшелерінің жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің алға басуына мәселелерді шешуге атсалыса жұмыс жасайтындығын айтты.
Шешім:
1. Попечительский советінің алдындағы мектеп директорының есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
Төраға А.Молдакулова
Хатшы Ф. Орманова
Мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева