08
қараша
2022
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.
Нарғозы Данаев орта мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Байқадамқызының ұйымдастыруымен, жоспарға сай әдістемелік көмек көрсету мақсатында, бастауыш сынып мұғалімдері «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Жаңа инновациялық технологияларды меңгеруде педагогтердің әдістемелік деңгейін арттыру.
Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері семинарды «Көңіл күй әлемінде» атты тренингпен бастады. Келесі кезекте «Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» тақырыбында слайд-шоу көрсетті. Педагогикалық шеберліктерін арттырып, тәжірибені жақсарту үшін әдіс-тәсілдерді қалай тиімді пайдалануға болатыны туралы бастауыш сынып мұғалімі Кенбаева Айжан баяндама оқып, Асылбекова Индира мен Салықова Гүлзира үлгілі сабақтарын ұсынды. Семинар соңында Жалбиева Айжан «Медаль» әдісі арқылы кері байланыс жасап, қатысушы мұғалімдерге кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера танытқаны үшін алғыстарын жеткізді.