«Құқықтық мәдениет» тақырыбы аясында семинар » СШ №51
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқықтық мәдениет» тақырыбы аясында семинар
08
қазан
2020

«Құқықтық мәдениет» тақырыбы аясында семинар

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №51 орта мектебі» КММ

080004, Тараз қаласы, Қарасу иіні №1, 34-81-48, taraz_sh51@mail.ru


Хаттама

Тараз қаласы                                                                                                               8.10.2020ж.

Қатысқандар:

1.Сапаралиева Б.Ж.

2. Оралбаева Ғ.А. – құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;


Күн тәртібінде:

1. «Құқықтық мәдениет» тақырыбы аясында семинар


Тыңдалды: 

     Бұл мәселе бойынша ДҚТІЖО Ғ.А.Оралбаева ата-аналармен, сынып жетекшілермен интернет платформасы арқылы «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында семинар ұйымдастырды. Мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева ата-аналар мен сынып жетекшілерді  ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіндегі баптармен таныстырып өтті.

      434-бап. Ұсақ бұзақылық

      1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер
       он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер
       он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
       3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
       жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық –
       ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды,пневматикалық қарудан оқ ату, пиротехникалықзаттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру

      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату –
       қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару –
       пиротехникалық құралдар мен құрылғылар тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
       пиротехникалық құрылғылар тәркiлене отырып, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстiң 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер –
       әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған зат тәркілене отырып, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      437-бап. Тыныштықты бұзу

      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу –
       жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –
       жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру

      1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру –
       жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер –
        жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
       ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау –
       жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу

      1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –
       бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі –
       ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
       он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер –
       бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
       5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
       он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

     

441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйымсалуды бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу –
       жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
       жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы –
       лауазымды адамға – он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      442-бап Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз сыртта жүруі

    1. 1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы –
       заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
       заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

     2. 1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы –
       заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
       заңды өкiлдерiне он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      444-бап. Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру

      1. Құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы –
       ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету –
       жеке тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      447-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу

      Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу –
       жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі

      Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді, адамдар жерленген жерлерді жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен қорлауы, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі –
       ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Шешім:

        Қашықтықтан білім алу кезінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу күшейтіліп, балаларға бақылау жасау ата-аналарға жүктелсін.


ДҚТІЖО                                                                                                                      Ғ.А.Оралбаева


 Хатшы                                                                                                                        Б.Валиева 













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив