Қамқоршылар кеңесінің алдындағы мектеп инспекторының есебінің хаттамасы » СШ №51
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылар кеңесінің алдындағы мектеп инспекторының есебінің хаттамасы
13
наурыз
2019

Қамқоршылар кеңесінің алдындағы мектеп инспекторының есебінің хаттамасы

Қамқоршылар кеңесінің алдындағы мектеп инспекторының есебі

КҮН ТӘРТІБІ


Өткізілген күні: 13 наурыз 2019 жыл                                                        

Басталуы: сағат 17.00-де

Өткізілген орны: №51 орта мектеп 


Қатысушылар: ата-аналар, педагогтер, мектеп инспекторы


Өткізілу форматы: жалпы ата-аналар жиналысы



Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:


1. Мектеп инспекторының қамқоршылар кеңесінің алдындағы есебі


         2. Әртүрлі мәселелер


          Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы А.Б.Толенов есеп берді. Ол жоспар бойынша жыл бойына жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлықтың зияны, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту жолдары тақырыбында лекциялар оқылды. Атап айтар болсам, ай сайын суық қару мен зиянды заттарды қолдануға қарсы рейдтік іс-шара жүргізіледі. Сонымен қатар ай сайын ұлдармен әңгіме, дәріс, кездесулер ұйымдастырылады.

      Қазан айында 7-8-сынып оқушыларымен «Қылмыс және жеткіншек» тақырыбында әңгіме жүргізілді. 

      Қараша айында 8-9-сынып оқушыларымен  ҚР «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты және балалардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығының алдын алу» туралы Заңымен таныстырып, ұл балалармен жиналыс өткізілді.

       Желтоқсан айында 9-10-сынып оқушыларымен «Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында жиналыс өткізілді.

      Қаңтар айында 6-9 сынып оқушыларымен «Қалта ұрлығы» тақырыбында әңгіме жүргізілді. 

      Сондай-ақ оқушылар өз құқықтары мен БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конвенциясымен, Қазақстан Республикасының Ата Заңында белгіленген құқықтарымен таныстырылды. Сонымен қатар, мектеп жарғысын бұзған оқушылармен жекелей, жалпылай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. 

      Мектепішілік іс-шараларда кезекшілік атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтатау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілік және тағы басқа тақырыптарда оқушылардың жас ерекшелігіне сай іс-шаралар ұйымдастырылды. 

         Мектеп бойынша жайсыз отбасы – жоқ. Мектепішілік, қалалық полиция бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ.

          Құрметті ата-аналар, егер бірлесе отырып жұмыс жасайтын болсақ, жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайып, тәртіп бұзушы оқушылар болмас еді.

          Екінші мәселе бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.А.Оралбаева ата-аналарға оқушылардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алу керектігін айтты. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа кешікпей уақытылы келу керектігіне тоқталды. Ата-аналардың балаларының сабақ кестесін алып, сабақтан кейін балаларының үйлеріне уақытылы келуін қадағалап отыру керектігін айтты.


          Шешім:

  1. Мектеп – ата-ана – оқушы арасындағы байланыс күшейтілсін. Ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып, оқушылардың әлеуметтік ортасын, достарын және олардың сабақтан тыс уақытта немен айналысатынына үнемі зерделеу жұмыстары жүргізілсін және бақылауда ұстасын. 




Мектеп директоры                                                                  Б.Ж.Сапаралиева


      Хатшы                                                                                          Ж. Орынбаева


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив