Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының » СШ №51
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының
31
мамыр
2019

Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының


 Мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының


ХАТТАМАСЫ


Тараз қаласы                                        № 2                             31 мамыр 2019 жыл



Қатысқандар: қамқоршылық кеңес мүшелері (барлығы -  11  адам) 1.9«Г»сыныбының ата-анасы Темирбаев С.

2.8«Б»сыныбының ата-анасы Тулебаева Б.

3.7«Б»сыныбының ата-анасы Молдакулова А.

4.7«Б»сыныбының ата-анасы Баймуратов Н.

5.7«В»сыныбының ата-анасы Қосмуратова М.

6.5«Г»сыныбының ата-анасы Амирова М.

7.4«Ә»сыныбының ата-анасы Каримова А.

8.3«В»сыныбының ата-анасы Казахова Р.

9.2«Ә»сыныбының ата-анасы Халыкова А.

10.1«А»сыныбының ата-анасы Қарабаева Қ.

11.1«Д»сыныбының ата-анасы Қалыбекова Д.

Хатшысы:  Орманова Ф.

КҮН ТӘРТІБІ


       1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңесінің алдындағы жылдық есебі


Тыңдалды:


         Жиналысты  қамқоршылық кеңес төрағасы  А.Молдакулова  ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселемен таныстырды.

         Келесі сөзді мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева алып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

         2018-2019 оқу жылындағы мектепті жөндеуден өткізу, мектеп ауласын көгалдандыру, абаттандыру туралы айтты. Ағымдағы жөндеуге әк, көк бояу, цемент, гипсополимер, бояу  ерітіндісі, щетка, сыпырғыш, күрек, тырма, т.б. құрылыс заттары білім бөлімінен бөлінді. 2018 жылдың қараша айының басында құнды заттарды түгендеу санағы жасалды, ешқандай шығын болған жоқ. Медициналық тексеруден  ұжым өту үшін, жаңа жиһаздар алуға журнал, табельдерге, шаруашылық тауарларды алуға, жазғы сауықтыру лагеріне балаларға жолдамаға, отбасы жағдайы төмен оқушыларға сырт киім, аяқ киім алуға қаражат бөлінді, коммуналдық мекемелермен келісімшарттар жасалды. Әр аптаның жұма, сенбі күндері аллеяға, берілген көшені шөптен тазартуға, әктеп, сырлап тұруға кіші қызметкерлерді жұмылдырып тұратындығына тоқталды. 

            2018-2019 оқу жылында 36 мұғалім біліктілік курстарынан өтті. Үштілділік, яғни биология, химия, физика пәндерін ағылшын тілінде өту бағдарламасына шолу жасап өтті. 

          Мектептің білім сапасына тоқталып, соңғы үш оқу жылындағы білім алушылар мен ұстаздардың  жетістіктеріне шолу жасады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың білім сапасын арттыруды мақсат қылып педагогикалық ұжым білім сапасын 72 % көрсетті. Мектепте халықаралық және ұлттық зерттеулерге дайындық  жұмыстарының жүргізілетінін айтты.

Мектептегі тәрбие мен құқық саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Қылмыстың алдын алу мақсатында және оқушылардың қызығушылығына қарай мектебімізде он үш үйірме жұмыс істеп тұрғандығын тілге тиек етті. Мектебімізде ешқандай оқушы есепте тұрмағанын атап өтті. Қылмысқа бейім оқушылар байқалса,   мектеп психологі жоспарлы жұмыстар атқарады. Мектебіміздің аймағына 1812 бала қамтылғандықтан, мектеп мұғалімдері кезекшілік рейд жұмыстарын атқарып тұрады. «Күнделік.кz» арқылы ата-аналар   балаларының білімі мен тәртібі туралы бақылап отырғандығын да айтты. 

           Болашақта мектептің виртуалды музейін құру   жоспарда бар екенін айтты. 


Сөз сөйледі: А.Молдакулова қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің жұмыстары мектептің оқу-тәрбие үдерісінің алға басуына мәселелерді шешуге атсалыса жұмыс жасайтындығын айтты.



         Шешім:     


1. Қамқоршылық кеңесінің алдындағы мектеп директорының есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.





Төраға     

А.Молдакулова                                              _________________________


Хатшы                  

Ф.К. Орманова                                          _________________________





Мектеп директоры                                         Б.Ж.Сапаралиева


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив