«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 51 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы » СШ №51
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 51 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы
18
қаңтар
2019

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 51 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы есеп


   Мектеп оқушыларының құнарлы тамақтануы - мектеп бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, толыққанды дене бітімі мен ақыл дамуына қажетті жағдай жасайтын және өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің міндетті элементі болып табылады.

          2018 жылдың қаңтар айында мектебімізде тегін ыстық тамақпен қамтылған балалардың жалпы саны – 300 оқушыны қамтыса, оқу жылының аяғында мамыр айында 300 баламен аяқталды. 2018 жылдың қыркүйек айында 59 бала басқа мектепке ауысуына байланысты ыстық тамақ тізімінен шығып кетіп, оқу жылы 241 баламен басталды, қазан айында қала әкімінің қаулысымен 59 бала тегін ыстық тамақ тізіміне қосылды, жыл соңында 2 оқушы басқа мектепке ауысып кетуіне байланысты ыстық тамақ ішетін - 298 оқушы қалды.   

           Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар саны - 50. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар саны - 161. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар саны - 7. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзгеде санаттарына жататын балалар саны - 130.

         Жалпыға бірдей міндетті оқыту қорынан  2017-2018 оқу жылында бекітілген санаттарға сәйкес әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан төмендегі оқушылар мектеп жанындағы  «Көгершін» лагеріне І-кезеңге 89 оқушы, ІІ-кезеңге 88 оқушы, «Болашақ» 53 оқушы, «Рауан» 53 оқушы қамтылды.

9 – сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруларына байланысты жазғы сауықтыру лагерінен толықтай босатылды.

          Биылғы оқу жылында оқушыларға тегін ыстық тамақпен бірге, қыстық етік пен қыстық күртешелер үлестіріліп берілді. Ата-аналар мен оқушылар ризашылықтарын білдіруде. 



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау


2018-2019 оқу жылы 58 сынып комплектісінен құралған 1404 оқушымен, 9 мектепалды даярлық тобының 176  бүлдіршінімен басталған.

2018 оқу жылының қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында жалпы саны  288  оқушының заңды өкілдерінен өтініш қабылданды.Оның ішінде қала мектептерінен келгені – 60 оқушы ,  облыстан – 45,республикадан – 21 ,жеке меншік мектептерден – 4,қосымша қамту -2оқушы.  

1 сыныпқа – 156 оқушының заңды өкілдерінен өтініш қабылданып,өтініштер қанағаттандырылды.

         1-4  сыныптар бойынша – 72 оқушыдан,

         5-9  сыныптар бойынша – 53 оқушыдан

         10-11 сыныптар бойынша –7 оқушыдан өтініш қабылданды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив