19
тамыз
2022
Онгарбаева Жанна Буркитбаевна
Онгарбаева Жанна Буркитбаевна 1970 жылы 22 сәуірде Шу ауданының "Алғалы" ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1987 жылы мектепті бітірген. Білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл педагогикалық институтына «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1993 жылы «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алған. Тұрмыс құрған. Екі баланың анасы жане немере сүйген асыл әже. Еңбек жолын Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметімен бастаған. Тараз қаласы №44 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, №38 орта мектебінде директордың орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасаған. 2011 жылдан бері Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебінде директор қызметін атқарып келді. 2022 жылдың тамыз айынан бастап №51 орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.