Қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы оқушылармен жұмыс анықтамасы » СШ №51
«Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №51"
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Версия для
слабовидящих
» » Қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы оқушылармен жұмыс анықтамасы
29
декабрь
2018

Қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы оқушылармен жұмыс анықтамасы

Қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы оқушылармен 

жұмыс анықтамасы 

           2018-2019 оқу жылында мектебіміздегі қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы   оқушылармен  жұмыс атқарылды. Социальный педагогтың міндеттері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  жағдайы төмен отбасында тұратын балаларды анықтап тіркеуге алу. Оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіп,  ата-аналарымен тығыз байланыста болу.

         Оқу жылының жұмыс барысында сынып жетекшілермен бірігіп ата-аналармен, қорғаншылармен кездесулер ұйымдастырылды. Жанұядағы бала тәрбиесі, қарым - қатынаста кездесетін қиындықтар, бос уақытын тиімді пайдалануы жайлы әңгімелер жүргізілді. 

         Оқу жылы басында аумақ бойынша ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар есепке  алынды. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға тегін ыстық тамақпен, тегін оқулықпен, қыстық етікпен, қыстық күртешелермен толық қамтамасыз етілді және жаздық сауықтыру лагерінде тегін демалыс ұйымдастырылады. Оқу жылының ішінде психологтармен  үйіне барып, қамқоршысымен қарым - қатынасы және тәртібі туралы әңгімелесіп АКТ жазылды.   Мектеп ішінде - 7 оқушы ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар, ал  микроучасток бойынша -1 сәби қамқорлықта, барлығы 8 - бала. 

24.12.2018 жылы  Баласағұн мәдениет ұйінде Елбасының  жаңа  жылдық шыршасы болып өтті. Биылғы  оқу жылында елбасы шыршасына  мектебімізден   бір оқушы қамтылды.  Атап  айтар   болсақ 6 «Ә» сынып оқушысы Қадырбек Әліби. Оқушының  жаңа жылға қойылған концерттік бағдарламадан алған әсерлері өте жақсы, керемет көңіл күйде. Шыршаға қатысқан оқушының алған сыйлықтары: планшет, қыстық күртеше, сондай ақ, «Рахат» өнімдерінен бір қорап кәмпиттер және жұмсақ ойыншықтар берілді.

26.12.2018 жылы  №3 мектеп лицейде Тараз  қаласы   әкімінің  жаңа  жылдық шыршасы болып өтті. Биылғы  оқу жылында қала әкімінің шыршасына  мектебімізден   бір оқушы қамтылды.  Атап  айтар   болсақ 5 «Ә» сынып оқушысы Нұржан Күнжамал. Оқушының  жаңа жылға қойылған концерттік бағдарламадан алған әсерлері өте жақсы, жақсы көңіл күйде. Шыршаға қатысқан оқушыға сыйлықтар: қыстық күртеше, бас киім, шарф сондай ақ, «Рахат» өнімдерінен бір қорап кәмпиттер және жұмсақ ойыншықтар берілді.


   21-31.12.18 жыл аралығында SMALL сауда үйінде «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы жүргізілді, аталған қайырымдылық акциясына біздің мектептен үш бала: Нұржігіт Ануар 3 «В» сынып оқушысы қыстық етік, қолғап;  Қадырбек Айым 4 «А» оқушысы ақ бальный көйлек, қораптағы тәттілер Нұржан Күнжамал 5 «Ә» оқушысы мектеп сөмкесі, тәтті бәліштер

қайырымды жеке кәсіпкерлерден сыйлықтар алды.  


      Қамқорлықтағы, қорғаншылықтағы  оқушылардың аты-жөні:   Тұрсынбай Мейірім 6 «Г», Нұржігіт Ануар 3 «В», Нұржігіт Ақнұр 6 «А», Қадырбек Айым 4 «А», Қадырбек Әліби  6 «Ә», Қамбар Абзал  9 «В», Ақбергенов Дамир  9 «Б» сынып оқушыларына  көмек көрсетілді.





Орындаған әлеуметтік педагог  М.Ермекбаева

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив