Қамқоршылар кеңесінің алдындағы мектеп инспекторының есебінің хаттамасы
Қамқоршылар кеңесінің алдындағы мектеп инспекторының есебі
КҮН ТӘРТІБІ
Өткізілген күні: 5 октябрь 2018 жыл
Басталуы: сағат 17.00-де
Өткізілген орны: №51 орта мектеп
Қатысушылар: ата-аналар, педагогтер, білім бөлімінің жауапты қызметкері, мобильдік топ мүшелері, мектеп инспекторы
Өткізілу форматы: жалпы ата-аналар жиналысы
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Мектеп инспекторының қамқоршылар кеңесінің алдындағы есебі
2. Әртүрлі мәселелер
Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы А.Б.Толенов есеп берді. Ол 2018 жылдың сәуір айынан осы мектепке инспектор болып тағайындалғанын айтты. №51 орта мектебінің 2017-2018 оқу жылына арналған Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ – мен бірлескен іс-шара жоспары құрылып, бекітілген. Осы жоспар бойынша жыл бойына жұмыстар жүргізілді. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлықтың зияны, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту жолдары тақырыбында лекциялар оқылды. Атап айтар болсам,
6.04.18 – 9-сыныптар арасында «Қылмыстық жауапкершілік», 5.05.18 – 6 -8-сыныптар арасында «Қылмыс және жеткіншек» тақырыбында, 9-11сынып оқушыларымен әңгіме-сұхбаттар жүргіздім және дәріс оқыдым.
Бұл дәрістер барысында оқушылар Қазақстан Республикасының «Қылмыстық» және «Администрация құқық бұзушылық туралы» Кодекстеріне енгізілген өзгерістерімен таныстырылды, сонымен қатар ӘҚБтК 442 бабы «Кешкі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық орындарына бармауын, домжайдан тыс 23.00-ден таңғы 6.00 – ге днйін заңды өкілсіз көшеде жалғыз жүрмеуі керектігі ескертілді. Сондай-ақ оқушылар өз құқықтары мен БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конвенциясымен, Қазақстан Республикасының Ата Заңында белгіленген құқықтарымен таныстырылды. Сонымен қатар, мектеп жарғысын бұзған оқушылармен жекелей, жалпылай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік іс-шараларда кезекшілік атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтатау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілік және тағы басқа тақырыптарда оқушылардың жас ерекшелігіне сай іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетінің төрайымымен бірлесе отырып 2018 жылдың 19-20 сәуір күндері рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейдтің мақсаты: адам денсаулығына кері әсерін тигізетін үшкір-өткір құралдары мен бас айналдыратын зиянды заттардың (электронды кальян, клей және т.б.) болмауына назар аударып, мектепке қымбат ұялы телефон (смартфон) әкелуге тыйым салу және бақылау. Рейд барысында жоғарыда аталған заттар табылған жағдайда оқушының ата-анасымен жеке әңгіме жүргіземіз. Бірақ бұл рейд барысында зиянды заттар мен адам денсаулығына кері әсерін тигізетін үшкір-өткір құралдар табылған жоқ. Бұндай рейдтік іс-шара ай сайын директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп өткізіліп тұрады.
Мектеп бойынша жайсыз отбасы – 1. Ол 6 «Ә» сынып оқушысы Елшібеков Алижан, Алижан футбол үйірмесіне қатысады. Аптасына 5 күн сағат 15.00-16.30 аралығында.
Мектепішілік, қалалық полиция бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ.
Құрметті ата-аналар, егер бірлесе отырып жұмыс жасайтын болсақ, жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайып, тәртіп бұзушы оқушылар болмас еді.
Екінші мәселе бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.А.Оралбаева ата-аналарға оқушылардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алу керектігін айтты. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа кешікпей уақытылы келу керектігіне тоқталды. Ата-аналардың балаларының сабақ кестесін алып, сабақтан кейін балаларының үйлеріне уақытылы келуін қадағалап отыру керектігін айтты.
Шешім:
1. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс күшейтілсін.
2. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын жүргізу сынып жетекшілерге жүктелсін.
Мектеп директоры Б.Ж.Сапаралиева
Хатшы Ж. Орынбаева




