Хабарландыру!

БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС
* Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568,2022.22.12 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
* Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" ресми сайтына жарияланады.
1. Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары 1толық жүктеме.
2. Шағын орталықтың мед бикесі 1 толық жүктеме
* 06.09.2023ж-14.09.2023ж аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізеді.
* Конкурс өткізілетін орын: «Коммунальное государственное учреждение Тараз қаласының білім бөлімі Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі» КММ конференция залы
* Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қарасу алқабы, құрылыс 1, «Коммунальное государственное учреждение Тараз қаласының білім бөлімі Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі» управления образования акимата Жамбылской области . Анықтама байланыс телефоны: 34-81-48
* Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік(бар борлса);
10)Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріске, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда қосымша құжаттар ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік жарияланымдар,алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным)
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568,2022.22.12 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.