Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 2023 жылы атқарған
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы. Білім алушылар және қызметкерлерге қауіпсіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті жағдай жасалынған: сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен, дабыл түймесімен, турникетпен, мамандандырылған күзетпен, ал ерекше білімді қажет ететін балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы пандуспен, тактільді тақтайшалармен, шақыру түймесімен қамтамасыз етілген.