2023-2024 оқу жылының қорытындысы » СШ №51
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
Нарғозы Данаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2348148
Қосымша бөлімі:
+7(726) 2349760
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылының қорытындысы
30
мамыр
2024

2023-2024 оқу жылының қорытындысы

24 мамыр күні мектебімізде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте ІҮ-тоқсан мен жылдық қорытындысы бойынша білім алушылардың білім сапасы мен үлгеріміне, мемлекеттік стандарттың орындалуы туралы толық талдау жасалынып, оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру, 9, 11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу, үздік оқушыларды марапаттау туралы бұйрықтарымен таныстырылды. Сонымен қатар, мектепалды даярлық топтардың мектепке дайындық деңгейі, алдағы жазғы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігі туралы, мектеп жанындағы лагерьдің ұйымдастырылуы мен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану т.б. маңызды мәселелер толық қаралып, қажетті шешімдер қабылданды. Педагогикалық кеңестің шешімімен 2023-2024 оқу жылының қорытындысы негізінде:
🔺"КҮНДЕЛІК КZ" жүйесі бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарғаны үшін педагогтер Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен;
🔺ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ - ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, өз сыныбымен нәтижелі жұмыс атқарғандары үшін Алғыс хаттармен;
🔺"ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК" - өткен оқу жылының қорытындысын талдай келе, ҚР Оқу-ағарту министрінің # 514 бұйрығына сәйкес оқушылары қалалық, облыстық, республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында, кәсіби байқауларда жоғары жетістіктерге жеткен үздік бірлестіктер анықталды. "Жаратылыстану пәндері" әдістемелік бірлестігі (19 жүлделі орындар) "ҮЗДІК БІРЛЕСТІК - 2024" атағы мен қаржылай сертификатына ие болса, І және ІІ ДЕРЕЖЕЛІ ДИПЛОМДАРЫМЕН "Қазақ тілі мен әдебиеті" және "Математика-физика" әдістемелік бірлестіктері марапатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив