09
қараша
2022
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы мектебіміздің әлеуметтік педагогі Бизакова Сания Азаматқызын алғыс хатпен марапаттады.
Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қамқоршы күні" мерекесі аталып өтті. Ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларға шексіз мейірім танытып отырған қамқоршы, қорғаншы, патранат ата-аналарымызға қалалық білім бөлімінің алғыс хаттары мен сыйлықтары берілді. Балалардың құқықтарын қорғау саласына қосқан үлесі және оларды тәрбиелеу жолында адал еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы мектебіміздің әлеуметтік педагогі Бизакова Сания Азаматқызын алғыс хатпен марапаттады.
