15
мамыр
2017
Мектеп тарихы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№51 ОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аннотациясы
№51 ОМ Тараз қаласы «Қарасу» иінінде орналасқан. Мектеп 2004 жылы 1-қыркүйекте 1266 оқушыға арналған жалпы білім беру мекемесі болып ашылды. Ғимараттың жобасы типтік үлгіде салынған. Жұмыс жобасы 2004 жылы құрылып, басталған. Құрылыс 15.03.2004 ж аяқталып, 2004 жылдың 1-қыркүйегінде іске қосылды. Тапсырыс беруші Тараз қалалық білім бөлімі. Ген.жобалаушы Пак Сергей Владимирович директор КазНИССА. Құрылыс құны 262865,15 + 355703,26 тг жиһаз және қажетті құралдарды қосқанда. Эксперттік сараптама жүргізуші №10-91 15.06.2004 ж қорытындылады. Бөлінген қаржы көзі әкімшілік және жергілікті бюджеттен. Ген.атқарушы ТОО «Марлен и К». Ғимараттың сейсмологиялық жобасы 8 баллға лайықталып салынған. Мектеп ғимаратының жылу, су және жарық беру жүйесі орталықтандырылған. Жылумен «Жамбыл-Жылу», сумен «Горводоканал», жарықпен «Жамбыл энерго» комбинаты, қоқыс тасымалымен «Жасыл-Тараз» ЖШС қамтамасыз етеді. №51 орта мектебі жалпы білім беру мекемесі.
2007 жылдың сәуір айының 26-да Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Жамбыл облысына ресми сапармен келіп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қатысты.
Қатысу барысы: Елбасы мектеп ғимаратын аралап,жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған компютрлік сыныптарда өтілген сабақтардың барысымен танысты.Физика пәнінің мұғалімі Рахметова Р-ның сабағына қатысып,11 сынып оқушыларының білім жетістіктеріне назар аударды.Сондай-ақ 11 сынып оқушыларының ағылшын тілі пәніне қатысып, ел болашағы-үш тілді меңгерген, ұлтжанды жастардың қолында екендігін тілге тиек етіп,мектеп түлектеріне сәттілік тіледі.
2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ нәтижесі 86,16 балл, білім сапасы 61,14%. 2016-2017 оқу жылындағы мектеп контингенті 1636 оқушыны құрайды.
1- 11 сыныптар 72 сынып комплектісіне қамтылған, мектеп алды даярлық тобы 200 баланы құрайды. Мектеп жанында «Балбөбек» шағын орталығы 4 топтық құраммен 2010 жылы ашылған. Оқушылар қала, облыс, республика көлемінде пәндік, шығармашылық, спорттық жетістіктерге қол жеткізген (62 оқушы). Мектепте 10 үйірме жұмыс істейді. Үйірмелерге мектеп оқушыларының 60% қамтылған. 209 оқушы әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары. Олар тегін ыстық тамақпен, тегін киіммен қамтылған. Мектеп оқушыларының 100% оқулықпен қамтылған.
Мектепте 161 педагог кадр қызмет атқарады. Олардың 70% санатты мұғалімдер.
