29
қыркүйек
2022
Хабарландыру!

1. Орналасқан жері: 080004 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қарасу алқабы, құрлыс 1 Байланыс телефоны: 34-81-48 Taraz_sh51@mail.ru
2. Лауазымдар атауы:
1) Педагог-психолог (1 негізгі орын)
Лауазымдық жалақысы: 120000-150000 теңге (еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты).
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.09.2022- 06.10.2022 жыл аралығы.
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының" 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы # ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
😎 наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
10) " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының" 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ( біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынуға құқылы.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Үміткерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау комиссия отырысы 2022 жылғы 7- қазан күні сағат 10.00-де өтеді.